Ұстаздар мерекесіне іс-шара » "Больше Дехканская средняя школа с дошкольным миницентром"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
" Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Заманбек Батталханов атындағы орта мектепі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778)36-9-50
Есепші бөлімі:
+7(72778)36-9-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
сентябрь
2022

Ұстаздар мерекесіне іс-шара

Тақырыбы: «Ұстазым, ұлағатым үлгі-өнегем!»

Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының
 қыры мен сырларын түсіндіру. 
Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.

Хор: Ұстазым- 9-А

Жүргізушілер шығады.

1-жүргізуші: Жангелді

2-жүргізуші: Ерасыл

1- жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар, Қош келдіңіздер, Құрметті де аяулы ұстаздар!

2-жүргізуші: Ұстаз деген - жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген - анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың.

Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,

Бар әлемге еңбегімен еленген.

Сенің бағың өрге қарай өрлесе,

Ол да бірге қуанышқа кенелген.

2- жүргізуші: Жангелді, Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

Ақырын жүріп анық бас.

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы.

1- жүргізуші: Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!

БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!

1- жүргізуші: Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға мектебіміздің директоры Оңласынова Гүлшат Шарынбекқызын шақырамыз.

2-жүргіуші: Сен қалай ойлайсың, Жангелді? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

2-Жүргізуші: Ерасыл, мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын. Ұстаз болу - жүректің батырлығы,

Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы -

деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі-ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу - бұл нағыз шеберлік емес пе?!

1-жүргізуші:Ерасыл , екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?

2-жүргізуші: Ал ендеше баста.

1-Жүргізуші: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,

2-Жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»

1-Жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»

2-Жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»

1-Жүргізуші: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»

2-Жүргізуші: Жангелді, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.


1-жүргізуші;Құрманғазы,Тәттімбет
 Домбырамен сайраған.

Жүректе от жансын деп,
 Елге күйін арнаған.
дей келе мектебімізде домбыра үнін күмбірлеткен күйші аруымыз Ерғабыл Ажарды  Торы жорға күйімен ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар

1-Жүргізуші:  Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады

2-жүргізуші:Асыға сәлем жолдап жүректен біз             

Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе алдарыңызда мектебіміздің мың бұралған бишілерін ортаға шақырамыз.

Алдыларыңызда 7-ә сынып қыздары – өзбек биімен! Қарсы алыңыздар



1 жүргізуші: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

Ендігі кезекті тағы да ардақты ұстаздарымыз жайлы өлең шумақтары мен нақыл сөздерін ала келген оқушыларымызға береміз

2-жүргізуші:Қазақ қызы күлімдер күн көзіндей,
 Дөңгеленіп билейді ай жүзіндей.
 Жұлдыздардай өрнекті аспандағы,
 Биші қыздар бұрала билейді би.
 Сахна төрінде қазақ  биімен  8-А сынып қыздарын қарсы алыңыздар!

1 жүргізуші: ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр. (қонақтарды таныстырады)

1 жүргізуші: Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара жол-ұстаз жолы - ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.

1 қонаққа сұрақ: Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма?

2 қонаққа сұрақ: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?

3 қонаққа сұрақ: Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз? Мектебіңізге айтар тілегіңіз?

2-жүргізуші: Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.

2- Жүргізуші: Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен аздап әзілге орын берсек.

Әзіл - қалжың отауы Ұстаздарға арналған пародия.Қабыл алыңыздар

1-жүргізуші:Барлығымыз да білетіндей мектепте айтылатын ерекше ыстық та әрі қызықты сөздеріміз бар,ендеше сол сөздерді түсіндіріп өтсек

ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК

2-жүргізуші Каникул - жылдың ең қысқа күндері.

1-жүргізуші Күнделік - үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиям.

2-жүргізуші Математика - мен түгіл әкемнің де тісі бата бермейтін "жаңғақ".

1-жүргізуші Дос - бақылау жұмысында көмек беретін керемет жан.

2-жүргізуші Сабақ - үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут..

1-жүргізуші "Апайға айтам" - қыздардың негізгі қаруы.

2- Жүргізуші:Осы қарап тұрсақ мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?

1- жүргізуші: Сен сонда ұстаздарымызбен орнымызды ауыстырып көрсек қайтеді дегің кеп тұр ма?

2- Жүргізуші: Иә, иә, тура солай, бүгін ұстаздар оқушы болсын, біз мұғалім болып емтихан алып көрейік.

1-Жүргізуші:-ендеше тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз. /Мұғалімдерге шарлар үлестіріледі. Әр шардың ішінде сұрақтар бар. Мұғалімдер шарды жарып, сұрақтарға жауап беруі керек/.

Сұрақтар:

1. Домбырада - жетеу, сырнайда - алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/

2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/

3. Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/

4. Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/

5. Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/

6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/

2-Жүргізуші: Енді, ұстаздар, кезек-кезек билет алыңыздар. Сол билеттегі сұрақтарға дұрыс жауап берулеріңізді сұраймыз.

№1 билет. Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушы болу керек пе?

№2 билет. Сабақта ұйықтап қалған оқушыны оятасыз ба?

№3 билет. Сабаққа жиі кешігіп келесіз бе?

№4 билет. Ата-аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба?

№5 билет. Сабақта анекдот айтқан кезіңіз болды ма?


Көп рахмет сіздерге, ұстаздар! Барлығыңыз да емтиханнан сүрінбей өттіңіздер.

1-жүргізуші: Жақсы жандар жанымызда әрқашан

Ұлағатты сөзін биік ұстаған

Ардақты ұстаз асыл анаң секілді

Тәрбиелейді балапандай жасыңнан

1- Жүргізуші: «Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.

2- Жүргізуші: Мерекемізді жалғастырайық. Ендігі кезекті қазақтың мақал-мәтеліне берсек. Жангелді сенің сүйікті мақалың қандай?

1- Жүргізуші: Менің ең сүйікті мақалым: Оқу-күрекпен құдық қазғандай (инемен)

Мен шамасы дұрыс айтпадым-ау деймін. әріптер де, сөздер де бытырап, біртүрлі шашырап кетті ме, қалай?

Ендеше мен ұстаздарымызды көмекке шақырайын, менің айтқан мақал-мәтелдерімді түзетуге көмектессеңіздер.

1. Қына басқа бітеді / тасқа

Білім шашқабітеді /басқа

2. Біліп тұрсаң да, сұрама / сұрап ал

3. Аз біл, көп сөйле /Көп біл, аз сөйле

4. Көрмес - шошқаны да көрмес /түйені

5. Өнер алды - ұзын тіл /қызыл тіл

6. Жығылып жатып, жығылғанға күлме /сүрінгенге

Сіздерге көп рахмет!

 2-жүргізуші

Құлақтан кіріп, бойды алар
 Жақсы ән мен тәтті күй.
 Көңілге түрлі ой салар,
 Әнді сүйсең, менше сүй.

Ерғабыл Ажар мен оқушыларымыздың орындауында  Ұстазым  өлеңі

1-Жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

МҰҒАЛІМ - мейірімді, ұлағатты, ғазиз, ақылды, лайықты, іскер, маман.

/Көңілді күй, сахнаға оқушылар шығады, олар ұстаздарға біркелкі бас иеді/

Жүргізуші:

Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
 Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
 Білімімен суарған шәкірттерін,
 Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
 Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар!
 Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстазым,ұлағатым үлгі-өнегем»

атты мерекелік концертіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!

Бірге: Келесі кездескенше хош сау болыңыздар!