Мектеп тарихы » "Больше Дехканская средняя школа с дошкольным миницентром"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
" Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Заманбек Батталханов атындағы орта мектепі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778)36-9-50
Есепші бөлімі:
+7(72778)36-9-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
февраль
2022

Мектеп тарихы


                                              Мектеп тарихы

Қазіргі Үлкен Диқан селосының аумағында 1920-1930 жж  «В.М.Молутов» атындағы колхоз болды. Бастапқы кезде мектеп үйі болмауына байланысты оқушылар киіз үйлерде білім алды. Кейіндеп 1929 жылдардың соңына қарай ауыл тұрғындарының өз күшімен қоржындап салған үш бөлмелі  мектеп үйінде оқушылар білім алды. Алғашқы үлкен Ашаноқы ауылының бастауыш сыныпты бітіргендері «Алматы облысының құрметті азаматы», Ұлы Отан соғысының ардагері Заманбек Батталханов, алғашқы «Халық Қаһарманы» атағын алған ұстаз Мөрдин Тайипов, Соғыс ардагерлері Сабиров Авакри, Айтахунов Иббула, Молутов Сайдалим, Идеятов Абдулла, Рашитов Усән, Хошамзаров  Изим, Кибиров Апыз сияқты елімізге, ауданымызға танымал болған азаматтар еді. Сол мектепте сабақ берген ұстаздар- Рашитов Абдумижит, Құрбанов Нодар.

         Соғыстан кейінгі жылдары 1948 жылдан бастап 7 жылдық мектеп ғимараты салынды. 7 жылдық мектептің ашылуына З.Батталхановтың еңбегі зор болды. Себебі осы жылдарыҮлкен, Кіші Ашаноқада үш колхоз болды және бәрі де бастауыш мектеп болғандықтан оқушылар ары білімін жалғастыру үшін Қалжат, Кетпен, Сүмбе тағы басқа ауылдарға барып оқуына тура келді. 

    Жеті жылдық мектептің меңгерушісі болып 1948-51 жылдары З.Батталханов қызмет істеді.

Оразалиев Мырқасым (завуч) , Мухаметжанов, Ү.Рашитов,И. Худияров, Д.Григорьвна тағы басқа мұғалімдер еңбек етті. 1951 жылдары колхоздарды ірілендіруге байланысты колхоз орталығы Кіші Дихан ауылына көшуіне байланысты мектеп қайта бастауыш мектепке айналды.

      1950-60 жылдары осы мектепке ұстаз болғандар: К.Мұхаметжанова, М.Сауырықова, В.Тавакилов (Халық ағарту ісінің үздігі), А.Рашитов, И.Минахунов, Ф.Әбілазова, А.Көпбосынов (Халық ағарту ісінің үздігі).

1966 жылы Үлкен Дихан ауылында мектептің жаңа ғимаратын салып пайдалануға берілді, мектепте бала санының көбейуіне байланысты 8  жылдық орталау мектеп болып ашылды.

1960-1980 жылдардың аралығында мектепте директор болып Машуров Басит, Минахунов Изетай, Ходжаев Семон қызмет атқарды. Осы кезеңде мектепте мұғалім болып істегендер: Х.Мансуров, Қ.Анаятов, Х Мансурова, Ә.Жүнісова (Халық ағарту ісінің озық қызметкері, ардақты ана), Ходжаев С (Ауған соғысының ардагері), Ходжаева В .(Астана медалінің иегері), С.Абыханова, М.Годжараева, У.Рақымбаева, Ж.Оспанбаев , Р.Абдулаева, Г.Масутова, Д.Серікбаева, К.Қожағулов (« Қамқор» кәсіподақ ұйымының төрағасы) Н.Сабитов, Д.Атыбаев, С.Сенбаева т/б. 1990 жылы ауыл тұрғындарының өтініші бойынша, Үлкен Декхан орталау мектебі орта мектеп болып ашылды. Орта мектеп болып ашылуына осы кезеңдегі мектеп директоры Шормақов Ботанның еңбегін ерекше атап өтуге болады.

1990-2000 жылдардың аралығында мектебімізде еңбек еткен мұғалімдер: М.Пахирдинова, К.Қойбасова, К.Сқақова, Б.Құланбаева, И. Игисинова, С.Имиршаева, К.Минахунова, Г.Сағымбаева, Т.Имамзаров т\б.

       2001 жылы жаңа мектеп ғимараты салынып 19 қазанда салтанатты түрде ашылды. Жаңа мектеп үйінің салынуына мектеп директоры В. Ходжаева өзіндік үлесін қосты.

2003 жылы мектебімізде « Шағын ауыл мектебінің даму жолдары» атты облыстық көлемде семинар өтілді Жалпы Үлкен Дихан ауылындағы мектеп тарихында ауылымызда білім алып елімізге танымал болған азаматтар көптеп шықты.

Олар: З.Батталханов Соғыс және еңбек ардагері, М.Тойшыбеков биология ғылымының докторы, профессор, С.Жолдасбеков тарих ғылымдарының докторы, профессор, И.Бахтия ұйғыр халқының ақыны, Ә.Құланбай « Егемен Қазақстан» газетінде журналист.

         2006-2009  жылдары Ахметов Тохтахун Итахунович 

        2009-2013 жылдары Абшаяков Ербол Бейсембаевич

        2013-2017 жылдары Шормаков Косжан Ботанұлы мектеп директоры қызметін  атқарды.

2022 жылдың 30 тамызынан облыс әкімінің қаулысы бойынша мектеп атауы 

Заманбек Баталханов  атындағы орта мектеп болып өзгертілді.


Заманбек Батталханов

      1922 жылы 22 желтоқсанда Ұйғыр ауданы Үлкен Диқан ауылында дүниеге келген. 1929 жылы «Шақырма» деген қастақтағы үш бөлмелі үйге 7 жасында мектепке барады. 1935 жылы Ашанохыдағы мектептің 4 класын бітіреді. 1936 жылы Бірлік Сүмбедегі мектептің 5 класна  қабылданып, 1939 жылы 7 класты бітіріп шығады. 1941 жылы Қалжат орта мектебін бітіріп,1942 жылдың қаңтарында әскерге алынады. Осы жылдың ақпан айында Орлов облысында тұрған бірінші Гвардиялық Ленин орденін атқыштар дивизиясында бөлімше командирі, 1942 жылы қараша айында Свердлов қаласындағы танкі жүргізушілер курсын бітіргенен кейін, Саратов облысы Аткарский қаласында тұрған бірінші гвардиялық Ленин орденді мехеникалық корпустағы ерекше танк  батальонында Т-34 танкісінің жүргізушісі болады

          1955 жылдан 1957 жылға дейін Райкомда бөлім меңгерушісі,1957 жылдың басынан 1965 жылдың қазанына дейін Ұйғыр , Панфилов ауткомының орынбасары, 1965 жылдан 1972 жылдың аяғына дейін Іле аудандық ауткомының төрағасы,

 1972 жылдың басынан 1985 жылдың ақпанына дейін Іле аудандық партия комитетінің І –хатшысы, 1970-1980 жылдары екі рет Іле аудандық Қазақ ССР-і Советінің депутаты, Қазақстан Компартиясының     15 съездерінің делегаты,

 1981 жылы Советтер Одағы Коммунистік партиясының 26 съезінің делегаты болып қатынасады. 

Жетісу өңірінде суармалы егіншілік пен интенсивті мал шаруашылығын дамытудың тиімді жаңа бағыттарын ұсынып, іс жүзіне асырады.  1994 жылдан Алматы облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы қызметін атқарады.

               «Жарыс мұраты- жеңіс»,(1978), «Басшы-тәрбиеші» (1979), «Өмірім-өнегем» (1980), «Өнегелі өмір» (1986), «Жаңғырықты жылдарда» (1993) , «Ақсақалдар алқасы» (1996), «Оразбақ батыр» (2002) атты кітаптары жарық көрген.

   Еңбек жолында «Ленин», «Октябь Ревалюциясы» «Еңбек Қызыл ту» , «Достық», «Құрмет белгісі» және Жеңістің 50 жылдығына байланысты Республиканың ең жоғарғы «Отан» орденімен марапатталады.

       Бұлардан басқа 15 астам медаль, 3 рет Қазақстан Жоғарғы Советінің Құрмет   Грамотасымен марапатталған. Алматы облысының және Іле ауданының «Құрметті азаматы» деген атақтары бар.

Похожие публикации:

05 февраль 2018 Мектеп туралы